Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңіс Тайшытаев және AstanaInvest Басқарма төрағасы Асхат Бекеев қол қойды.
Келісімнің мақсаты – инвесторлар мен кәсіпкерлердің қатысуымен туындайтын даулы жағдайларды шешуге жәрдемдесу, медиацияға арналған тиімді платформа құру және дауларды баламалы жолмен реттеудің тетіктерін дамыту.
Ынтымақтастық аясында елорданың инвестициялық ахуалын жақсартуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және бизнес жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған бірлескен іс-шаралар – форумдар, дөңгелек үстелдер мен кеңестер өткізу көзделген.
Тараптар сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға және кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауға көмектесетін талдамалық және нормативтік ақпараттармен алмасуға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1045426?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау