Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында өңірлік кеңес мүшелері мен салалық кеңестер өкілдерінің Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотовпен кеңейтілген кездесуі өтті.
Кездесу бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы жүйелі мәселелерді тікелей талқылауға арналған тиімді диалог алаңы ретінде өзін жақсы жағынан дәлелдеген жыл сайынғы формат аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге Палата жанында жұмыс істейтін 11салалық кеңестің мүшелері, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері және елордалық кәсіпкерлер қауымдастығының белсенді өкілдері қатысты.
Астана қаласы әкімдігіне өзінің ұсынысын «Garmonya» жеке қорының президенті, Іскер әйелдер арасындағы салааралық кеңестің мүшесі Елена Куликова жолдады. Ол әйелдер мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға арналған гранттар мәселесін көтеріп, қолданыстағы 5 млн теңгеге дейінгі гранттан басқа қандай қолдау тетіктері қарастырылғанын сұрады. Сонымен қатар инвестициялар, инновациялар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және фитнес салаларындағы кадр тапшылығы жағдайында кадрларды іріктеу механизмдері туралы да айтылды.
Жауап ретінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов бұл мәселені жұмысқа қабылдап, қолданыстағы рәсімдерге сәйкес тиісті пысықтауды ұйымдастыруды Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына тапсырды. Сондай-ақ Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесе отырып, бұл функционалды әзірленіп жатқан SuperApp қосымшасына енгізу мүмкіндігін қарастыруды, онда елордадағы әлеуметтік кәсіпорындар мен олардың жобалары туралы өзекті ақпаратты орналастыруды тапсырды.
Кездесу «ашық микрофон» форматында өтті, бұл әрбір қатысушыға өз пікірін тікелей жеткізуге мүмкіндік берді.
Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңіс Тайшытаев барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, оларды одан әрі қарау және тиісті шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарға жолданатынын айтты.
«Евгений Сергеевич, кәсіпкерлік қоғамдастығына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасады деп сенеміз», – деді ол отырыс қорытындысында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1045425?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау