«Таза Қазақстан» – Наурызбайда жалғасуда!
Кезекті сенбілік – Наурызбай ауданында шынайы экологиялық мерекеге. Бүкіл Қазақстан көлемінде қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан тұрғындары бір жұдырықтай жұмылып, қала тазалығына үлес қосты.
Іс-шараға белсенді тұрғындар, Наурызбай комьюнити-орталығының еріктілері, кәсіпкерлер және коммуналдық қызмет өкілдері қатысты. Апта сайынғы сенбіліктер – ортақ құндылыққа айналған жаңа қалалық дәстүрдің көрінісі іспеттес.
Жұмыс:
— Қарғалы өзені
– Төле би көшесі
– Ер Жәнібек көшесі
– Әшімов көшелері арасындағы кең аумақта жүргізілді.
Барлығы 120 м³ тұрмыстық қатты қалдық шығарылды; 12 арнайы техника жұмылдырылды; 550-ден астам қатысушы болды.
Атқарылған жұмыстар:
– көшелердің бойын сыпыру;
– жарық шамдарын жаңарту;
– ағаштарды және діңдерін санитарлық кесу;
– шөп шабу мен жасыл желекті суару;
– тротуарларды жуу
Сүйікті қаламызды таза әрі жайлы етуге атсалысқан барша жанға алғыс айтамыз!
Бірліктің арқасында ғана Наурызбай ауданы – тек дамушы аудан емес, сондай-ақ үйлесім мен жанашырлықтың символына айналуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1045194?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау