Құрметті ата-аналар!
2025–2026 жаңа оқу жылында қаламыздағы №3, 6, 7, 9, 16, 17, 23, 24, 32, 39 мектептерінде қазақ тілінде білім беретін 1-сыныптар ашылады.
Ата-аналарға қолдау көрсету және оқушылардың жаңа ортаға бейімделуін жеңілдету мақсатында аталған мектептерде ұзартылған күн топтары ұйымдастырылады. Бұл топтарда:
– үй тапсырмаларын орындауға көмек көрсетіледі;
– тілдік қорды дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі;
– функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған түрлі форматтағы іс-шаралар өтеді.
Балаңыздың білім алуы мен дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, сапалы білім алуына бірге атсалысайық!
Қосымша сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-oral/press/news/details/1045648?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау