🔹17 ауыл алкогольден бас тартты: Қостанай облысында «Мәдени қоғам» жобасы қалай жүзеге асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹17 ауыл алкогольден бас тартты: Қостанай облысында «Мәдени қоғам» жобасы қалай жүзеге асырылуда

Қостанай облысында алкогольге тәуелділікті азайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және салауатты мәдени ортаны қалыптастыруға бағытталған «Мәдени қоғам» жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Жобаның ең маңызды жетістіктерінің бірі — өңірдегі 17 ауылдың алкогольден толық бас тартуы болды.

📍 «Ішікмдіктен бас тартқан ауылдар» тізіміне кірген елді мекендер:

Жангелдин ауданы: Милысай, Сарысу, Бидайық ауылдары

Ұзынкөл ауданы: Отынағаш, Үкіатқан, Абай ауылдары

Фёдоров ауданы: Крамское ауылы

Арқалық қаласы: Әбдіғаппар хан ықшамауданы, Аңғар ауылы

Әулиекөл ауданы: Көктал ауылы

Қарабалық ауданы: Өрнек ауылы

Амангелді ауданы: Қабырға ауылы

Қостанай ауданы: Майалап ауылы

Б. Майлин ауданы: Баталы ауылы

Меңдіқара ауданы: Ұзынағаш ауылы

Науырзым ауданы: Қайғы ауылы

Алтынсарин ауданы: Жанасу ауылы

Бұл ауылдар салауатты өмір салтының үлгісін көрсетіп, өзге елді мекендерге бағдар болып отыр.

🛑 Жергілікті жерлердегі жұмыс

Жоба қоғамдық қолдаумен іске асырылып жатыр. Қалалар мен ауылдарда құрметті ақсақалдар, дін өкілдері, белсенді азаматтардан құралған қоғамдық комиссиялар жұмыс істейді. Олар алкогольге тәуелді жандарға көмектесіп, рухани қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, «Мәдени қоғам» аясында ішімдік сататын орындарға рейдтер ұйымдастырылады. Рейдке полиция, волонтёрлер мен БАҚ өкілдері қатысады. Түнгі уақытта немесе кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сату бойынша биыл жыл басынан бері 217 заңбұзушылық анықталған.

Нәтижелер мен шаралар

Облыстық ПД бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың айтуынша, 7 айда мас күйінде жасалған қылмыстар 3,3%-ға азайған.

Алайда қоғамдық тәртіпті жиі бұзатын, отбасылық жанжал шығарушылар мен ішімдік ішуге әуес адамдарды бақылау жұмыстары жалғасуда.

Жыл басынан бері соттар 2600 адамға алкоголь тұтынуға тыйым салу туралы шешім шығарған, оның ішінде үй жағдайында да.

🔹 «Мәдени қоғам» жобасы Қостанай облысында 2024 жылғы қыркүйектен бастап жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты — құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттермен күресу және салауатты мәдени ортаны дамыту. Облыс тәуелділіктен азат қоғам құру жолында сенімді қадамдар жасауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-prigorodnaia/press/news/details/1045647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version