📚ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АБАЙ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан орталығы – Қажымұқан ауыл округінде ұлы ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай рухани-мәдени іс-шара өтті. Шараны ауыл округі әкімдігі, ауылдық кітапхана, аудандық орталық кітапхана және мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шара аясында «Әлем таныған Абай» атты кітап көрмесі мен «Абайтануға жаңаша көзқарас» тақырыбында оқырмандармен әдеби кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ұлы ақынның өнер-білім туралы өсиеттері мен өлеңдерін кеңінен насихаттау, жастардың қазақ әдебиетіне, Абай мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оларды елін сүйген нағыз патриот болуға баулу.
Кеш барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасап, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ мәдениет үйінің өнерпаздары Абай әндерін әуелете орындап, көпшілікке рухани әсер сыйлады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1046051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version