РХБ қорғау бөлімшелерінің бірлескен полигондық жиыны басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 ТЖМ әскери қызметшілері мен құтқарушылары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық (РХБ) қорғау бөлімшелерінің бірлескен полигондық жиынына қатысады.

  Жиынды өткізуге Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелері де тартылды.

  Іс-шаралардың салтанатты ашылуы Шығыс Қазақстан облысының әскери гарнизонында өтті. Басшылық өкілдері қатысушыларды қарсы алды, сондай-ақ офицерлер үйінің күштерімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

  Ашылу аясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің иелігіндегі  РХБ қорғаудың озық технологиялары мен техникалық құралдары көрсетілді.

  Жиынның бірінші күні қатысушылар штаттық жеке қорғаныш құралдарын сынақтан сәтті өткізді.

  Екінші күні ТЖМ қызметкерлері химиялық инфекциялардың салдарын жою кезінде авто құю станцияларын қолдану бойынша мастер-класс өткізді. Сонымен қатар олар жергілікті жерді санитарлық өңдеудің жаңа технологияларымен және Қорғаныс министрлігінің иелігіндегі биологиялық барлау автомобильдерін қолдану ерекшеліктерімен танысты.

  Жиын барысында атом энергиясы саласындағы уәкілетті органдарды қоса алғанда, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысатын «Қалқан-2025» командалық–штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланғанын атап өткен жөн.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgovch/press/news/details/1046045?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version