Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды осы жұма күні, 8 тамызда, кешкі сағат 18:00-де «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніндегі «Көне қамал» қорғанының амфитеатрында ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін «Абай әлемі» әдеби-сазды, театрландырылған кешіне шақырамыз!
Кеш мақсаты – Абайдың өлеңдері, өмірі мен шығармашылығы, қара сөздері, ой-толғамдары арқылы адамзатты адамгершілікке, білімге, еңбекке, имандылыққа баулу, ұлттық рухты көтеру, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, Абай мұрасын терең ұғындырып, мәңгілік құндылық ретінде дәріптеу.
Сонымен қатар, кеш аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі мен қолөнер бұйымдарының сатылымы болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1046008?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау