Абай даңғылындағы көпір салу жұмыстары қарқынды. Құрылысы биыл басталған нысанды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жобаның жалпы мерзімі – 15 айды құрайды.
Бүгінгі таңда құрылыс аумағындағы 58 тұрғын үйдің 30-ы сүріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Қалған үйлерді бұзу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, мердігер тарапынан айналма жолдарға яғни Малобесағаш, Сыздықов, Жібек жолы көшелерінде асфальт төселіп, Жібек жолы – Малобесағаш көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылды.
Қазіргі таңда Абай даңғылының теміржолдан арғы бөлігінде асфальт жабындысы алынып, көпірдің тірек қабырғаларын орнату мен инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1046006?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау