«Абай мұрасы – халық даналығы» атты әдеби кеш өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Орталық саябақта ұлы ақын, ағартушы, ойшыл, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық даналығы» атты әдеби кеш өтті. Бұл мерекелік іс-шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте ұйымдастырылды.

 

Іс-шара аясында Яссы би ансамблі, “Шымкент концерт” концерттік ұйымының өнерпаздары өнер көрсетіп, Абайдың әндері мен өлеңдерінен үзінділер орындады. Сонымен қатар, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының кітапханашылары мен орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің оқырмандары, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп- интернатының 10 сынып оқушылары Абай шығармашылығынан өлеңдер оқып, «Абай әлемі» байқауының І кезең жеңімпаздары ақын шығармашылығына арналған әдеби көріністер қойды.

 

Белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов Абайға арналған арнау өлеңін оқып, кеш көрермендерінің ықыласына бөленді.

Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

 

Әдеби кеш Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында өткізілді.

Шараға зиялы қауым өкілдері, Бақ өкілдері жалпы көрермен қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1046028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version