Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердегі» бағаларды бақылау күшейтіледі
«Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылуда», — деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев.
Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушылардың қатысуымен өткізу жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-ryazhsk/press/news/details/1045843?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау