Қазіргі уақытта бизнес өкілдері мен қарапайым халыққа ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Көрнекi ақпараттардың дұрыс еместігін немесе қате жазылғанын байқаған кез-келген азамат «E-otinish» сервисі арқылы өтініш немесе шағым бере алады.
Бүгінде деректемелер көрнекі ақпараттардың заңдылығы мен сауаттылығын қадағалау мақсатында Талдықорған қаласындағы жарнама агенттіктерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалуда. Сондай-ақ, оны түсіндіру мақсатында жадынамалар жасалып, БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жарияланады.
Бұл атқарылатын жұмыстар деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапалы жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1045842?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау