Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті балқаштықтар!

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығы негізінде және Балқаш қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 шілдедегі №34/03 қаулысына сәйкес Балқаш қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясымен Балқаш қаласындағы 2 құрамдас бөліктің атауын қайта атау:

  1. Шашубай тұйық көшесі;
  2. Абай көшесі (Тораңғалық елді мекеніндегі) мәселесі бойынша көпшілік тыңдау жарияланатынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты Сіздерді 2025 жылғы 14 тамызда сағат 12-00-де өтетін көпшілік тыңдауға қатысуға шақырамыз.

Өтетін жері: М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының үлкен залы, Абай көшесі, 32.

 

 

Балқаш қалалық мәслихатының бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы,  әлеуметтік-мәдени дамуы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-balkhash/press/news/details/1046042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version