Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы Н.А. Тоқтамұратова және Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Г.С. Сырымбетованы тарта отырып, әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (арнайы лицензия берілгенге дейін) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, жемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп орау үшін жабдықталған), «Dez-Kazahstan» ЖШС (ШҚО, Өскемен қаласы, Юннатова к, 110 А) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді .
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша қорытынды ресімделді «Dez-Kazahstan» ЖШС Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия және лицензияға қосымша берілді.
04.08.2025 жылғы жағдай бойынша ШҚО-да денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар кәсіпкерліктің мынадай субъектілері:
Өскемен қаласында:
1) «DezClean kz» ЖШС;
2) ҚР ДСМ ШҚО бойынша КСЭК «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы;
3) «ГЕРО» ЖШС;
4) ВОРОБЬЕВА ЕКАТЕРИНА АЛЕКСАНДРОВНА ЖК.
5) «Дезинфекция» Мекемесі
6) «ГАЗАЦИЯ сельхов продуктов» ЖШС
7) ИП «Кужахметов Р.К.»
8) TOO «DEZED KZ»
9) «Dez-Kazahstan» ЖШС
Алтай ауданында:
10) ТОО «Астана Дезинфекция»
Үлкен-Нарын ауданында:
11) «Смагулова Г.Ж.» ЖК
Зайсан ауданында:
12) «Зайсанская районная дезинфекционная станция» ЖШС
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің лицензиясы болуға міндетті екенін еске саламыз. «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде лицензиясыз қызметті жүзеге асыру үшін жауапкершілік көзделген (464-баптың 1-бөлігі).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1046041?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау