Тараз қаласында «Гүлденген гарнизон» байқауы жалғасын табуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінде «Гүлденген гарнизон» байқауы басталды. Игі бастаманың мақсаты – тек аумақты абаттандырып, көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ұжымдық бірлік пен рухты нығайту. Тараз қаласы ТЖ Басқармасының №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері байқауға белсенді қатысып, гүлдер отырғызып, аумақты ретке келтірді. Аталған байқау мерекелік шара болумен қатар, ұжым ішіндегі патриоттық сезімді арттырып, кәсіби бірлікті нығайтатын маңызды қадам болмақ.

 

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1045375?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version