«Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер, журналдар), теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі -32, 119 кабинет, «Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі мекенжайына 2025 жылғы 18 тамыз сағат 17.00-ге дейін жіберіледі.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2025 жылғы 19 тамыз сағат 11.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі -32, 105 кабинет.
Үміткер құжаттардың тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде нөмірленген беттері бар тігілген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады, мөрмен (ол болған кезде) бекітілген, өтінімнің мазмұнын ашылғанға дейін қарауға мүмкіндік бермейтін, оның бет жағында толық атауы және үміткердің пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: “Тапсырыс бойынша (Тапсырыс атауын көрсету) арасында (субъектінің атын көрсету) “және”бұрын ашпаңыз: (Тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету)”.
Ақпараттық хабарламада көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін жіберілген өтінімдер комиссияның қарауына қабылданбайды.
Өтінімсіз Тапсырысқа қатысуға бағытталған құжаттар қаралмайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінім беру қажет. Өтінімге өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаларға сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035349 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме
Павлодар облысында 2025 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі (Ақпараттық саясат және қоғамдық даму басқармасы)
https://cloud.mail.ru/public/9YBv/iZzRwAmvW
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-inform/press/news/details/1045373?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау