1–7 тамыз — Бүкіләлемдік бала емізуді қолдау апталығы
Бала емізу – ананың сәбиіне табиғи жолмен беретін алғашқы күтімі ғана емес, оның өмірінің алғашқы кезеңінде берілетін ең құнды қорегі. Бұл үдеріс нәрестенің дұрыс өсіп-жетілуіне ықпал етіп қана қоймай, ананың денсаулығына да оң әсер етеді.
👩🍼 Ана үшін пайдасы:
* Босанғаннан кейінгі қалпына келу үдерісін жылдамдатады
* Эмоциялық күйді тұрақтандырып, күйзеліс пен депрессияның алдын алады
* Сүт безі обырының даму қаупін төмендетеді
* Жүрек-қан тамырлары және сүйек ауруларынан қорғайды
👶 Сәби үшін артықшылығы:
* Иммунитетті нығайтып, түрлі инфекциялардан қорғайды
* Ас қорыту жүйесін жақсартып, ішек микрофлорасының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді
* Дұрыс тыныс алу мен сөйлеу мүшелерінің дамуына, жақ-бет құрылымының қалыптасуына сеп болады
* Ақыл-ой мен сөйлеу қабілеттерінің дамуын ынталандырады
* Ана мен баланың арасындағы терең эмоционалдық байланысты қалыптастырады
🌍 Бүкіләлемдік апта — бұл аналарды қолдау мен бала күтіміне қатысты мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Кішкентай сәбилерді табиғи жолмен тамақтандыруға қолайлы орта қалыптастырып, олардың денсаулығы мен болашағына бірге қамқор болайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1046304?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау