2026 жылдан бастап медициналық көмек көрсету жүйесі өзгереді: МӘМС жүйесіне енгізілетін басты жаңалықтар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдан бастап медициналық көмек көрсету жүйесі өзгереді: МӘМС жүйесіне енгізілетін басты жаңалықтар

Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты жаңа заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге арналған баспасөз туры өтті. Іс-шараға БАҚ өкілдері мен медицина мекемелерінің қызметкерлері қатысып, денсаулық сақтау саласындағы алдағы реформалармен танысты.

Жаңа өзгерістер 2026 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Олар азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, сақтандыру жүйесінің әділеттілігін күшейтуге бағытталған.

Жарна төлеу тәртібіне қатысты өзгерістер
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Жарналар есептелетін табыстың жоғарғы шегі артады:
Жұмыскерлер үшін – 20 ең төменгі жалақы (ЕТЖ),
Жұмыс берушілер үшін – 40 ЕТЖ.
Жарна мөлшерлемелері өзгермейді.
Бұл өзгеріс тек жоғары табыс алатын қызметкерлерге (9%-ға жуық) әсер етеді, ал қалған көпшілік (91%) үшін бұрынғы шарттар сақталады.
Сақтандырылған мәртебені сақтау мерзімі ұзартылады
Жаңа ережеге сәйкес, соңғы бес жыл ішінде тұрақты жарна төлеген азаматтар:

Табысынан айырылған жағдайда да, 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтап қала алады.
Бұрын бұл мерзім үш аймен шектелетін.
Әлеуметтік осал топтарға қосымша қолдау
Дағдарыстық санаттағы азаматтар (D және E топтары) енді жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық көмек ала алады.
Бұл санатқа Қазақстан бойынша шамамен 1 миллион адам кіреді.

Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі
2026 жылдан бастап сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтарға өмірлік маңызды медициналық қызметтер қолжетімді болады.
Бұрын тек сақтандырылғандар үшін жүргізілетін онкологиялық скринингтер ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) құрамына енгізіліп, барлық азаматтарға тегін жүргізіледі.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов: «Скринингтер – ерте диагностиканың маңызды құралы. Қатерлі ісік ауруын дер кезінде анықтау — емделу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Скринингтерді сақтандыру мәртебесіне қарамастан қолжетімді ету — дұрыс бағыттағы қадам».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1046445?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version