Қыркүйек айында Катонқарағайға арналған Modern Nomads бағдарламасының арнайы шығарылымы көрерменге жол тартады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық Euronews басылымы Катонқарағайдағы экотуризмнің дамуы туралы мақала жариялады. Материалда аймақтың қайталанбас табиғаты, жергілікті халықтың салт-дәстүрге деген құрметі және шынайы әсерлерді іздейтін шетелдік туристердің қызығушылығы атап өтілген. Сондай-ақ мақалада туризм инфрақұрылымын дамыту және аймақтың аутенттілігін сақтау жоспарлары да сөз болады.

Бұдан бөлек, қыркүйек айында Катонқарағайға арналған Modern Nomads бағдарламасының арнайы шығарылымы көрерменге жол тартады. Бағдарламада Катонқарағай ұлттық табиғи паркіндегі туристік бағыттар — Рахман қайнары, Көккөл сарқырамасы, Өрел және Коробиха ауылдары көрсетіледі. Сондай-ақ бағдарламада пантамен емдеу және апитерапия сынды дәстүрлі емдік тәсілдерге ерекше көңіл бөлінеді.

Катон-Карагай в Казахстане: бум экотуризма против потери души и спокойствия

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1046446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version