Бүгін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Самат Рысбеков Шаян елді мекенінде “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс барысын аралады.
Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған.
Аралау барысында бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, сыртқы электр желілерін толық қосу, құрылыс алаңындағы жұмысшы санын арттыру, абаттандыру жұмыстарын жеделдету және жаңа оқу жылына дейін құрылыс жұмыстарын толық аяқтау міндеттелді.
Аудан басшылығы аталған нысанның сапалы әрі уақытылы аяқталуын тұрақты бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1046859?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау