БӘЙДІБЕК: “ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Бақыт Қырғызалиев, аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев және «Самұрық Construction» компаниясының өкілдерімен бірге Шаян елді мекенінде “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс алаңын аралады.
 
Аралау барысында нысандағы құрылыс жұмыстарының сапасы мен орындалу барысы зерделеніп, анықталған кейбір кемшіліктерді жою бойынша мердігер мекемеге нақты тапсырмалар берілді.
Аталған құрылыс жұмыстарын белгіленген жоспарға сай мерзімінде және сапалы түрде аяқтауды міндеттеді.
 
Жаңа білім ұясы пайдалануға берілген соң, жергілікті оқушылардың заманауи талаптарға сай білім алуына мүмкіндік тумақ.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1046858?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version