Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 80%-дан астамы алынды
- 06.08.2025 _ 09:43
- Жаңалықтар
«Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі суару маусымының барысы министрлігіміздің бақылауында. Судың әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп каналдар мен басқа да объектілерге тұрақты мониторинг жүргізетін төрт жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар су кезекпен беріліп, шаруалар арасында түнгі суару және егіс айналымына көшу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Биыл еліміздің оңтүстігінде вегетация кезеңі 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған жоғары температура мен жауын-шашынның болмауы себеп болды. Соған қарамастан, суармалы судың ерте берілуінің арқасында оңтүстік өңірлердің диқандары сәуір айының ортасында алғашқы қырыққабат өнімін, мамырдың соңғы онкүндігінде қауын-қарбызды, маусымда баклажан мен өзге де бақша дақылдарының алғашқы өнімін жинап үлгерді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-kenes/press/news/details/1046545?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау