Сарысу ауданының прокуратурасы мемлекет меншігіне 5 мың гектарға жуық жер қайтарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданының прокуратурасы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің нысаналы пайдалануына талдау жүргізді.

Талдау барысында, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін «К» ЖШС 2023 жылы берілген уақыттан бастап тиісті мақсатта пайдаланбағаны анықталды.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі нәтижесімен мемлекет меншігіне жалпы кадастрлық құны 27,9 млн теңгеден асатын 4 995 гектар жер қайтарылды.

Қазіргі уақытта бұл жерлер Камқалы ауылдық округі тұрғындарының мал жайылымы үшін берілді.

Прокуратура жер қатынастары саласындағы заңнаманы сақтаудың қажеттілігі туралы түсіндіреді.

 

       

Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1046547?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version