ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент қаласы «AMANAT» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалында  аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлының тұрғындардың  арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдауы өтті. Аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік көмек, абаттандыру, жарықтандыру, ойын алашасын орнату және т.б. мәселелері көтерілді.

Әрбір азамат мұқият тыңдалып,  мәселелерді шешу мақсатында орынбасарлар мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар  берілді. 

Құрметті аудан тұрғындары, қабылдауға жазылу үшін,  жеке төлқұжатпен  Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына келіп, алдын-ала тіркелулеріңіз қажет.

Мекен жайымыз:  Ж.Тыныбаев көшесі № 49 ғимарат.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1046516?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version