Тырысқақтың алдын алу шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тырысқақ – бұл тырысқақ вибрионын тудыратын жіті ішек инфекциясы, ол күшті диареямен, тоқтатылмайтын құсумен және организмнің қатты сусыздануымен көрінеді, көп жағдайда өлімге әкеледі.

Тырысқақтың қоздырғышы – тырысқақ  вибрионы. Ол ашық су қоймаларында бірнеше айға дейін сақталады. Инфекция көзі – ауру адам немесе вирусты тасымалдаушы, яғни клиникалық тұрғыдан сау, бірақ нәжісімен (кейде құсу массаларымен) қоздырғышты қоршаған ортаға бөлетін адам.

Инфекция ластанған суды ішкенде немесе оны тұрмыстық мақсатта пайдалану кезінде (қолды, көкөністерді, жемістерді, ыдысты, тұрмыстық заттарды жуу, шомылу және т.б.) жұғуы мүмкін. Ауру кенеттен, дене қызуынсыз басталады. Іші жиі өтеді, іштің ауыруы мен кернеуі байқалмайды. Кейіннен құсу қосылады. Егер іш өту 1 – 2 күн бойы тәулігіне 3 – тен 30 ретке дейін жалғасса, организмде ауыр сусыздану дамиды. Науқастың жағдайы нашарлай бастайды, бұлшықет әлсіздігі артады, шөлдеу, ауыздың кебуі байқалады, дене температурасы күрт төмендейді. Кейде аурудың алғашқы тәулігінде-ақ өлімге әкелуі мүмкін. Кейбір жұқтырған адамдарда клиникалық көріністер байқалмайды. Кейде инфекция сау болып көрінетін адамдар арқылы беріледі. 

Туристер тырысқаққа қолайсыз аймақтарда болудан аса сақ болу керек. Сондықтан Үндістан, Ауғанстан, Бангладеш, Мьянма, Непал, Таиланд, Пәкістан, Йемен және Африка елдеріне барған кезде тырысқақтың алдын алу шараларын және гигиенаның негізгі ережелерін өз бетінше сақтау қажет.

Ас үйді таза ұстау, ішуге арналған суды қайнату, шыбындарды жою, ыдыстарды жуу керек. Тырысқақтың да, басқа да ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шараларын сақтау өзіңізді де, айналаңыздағы адамдарды да жұқтыру мүмкіндігін болдырмау үшін қажет.

Адам тырысқақпен ауырған жағдайда дереу дәрігер шақыру қажет – науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс. Аурумен бір бөлмеде немесе пәтерде бірге болған, сондай-ақ онымен ортақ ыдыс пен дәретхананы пайдаланған барлық адамдар алдын алу мақсатында оқшауланып,  профилактикалық ем алуы қажет.

 

Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1046167?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version