Түркістан қаласы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес Н. Ондасынов көшесінің бір қиылысына көше жарығын орнату жұмыстары басталды.
Жоба аясында жарық шамдары орнатылып, түнгі уақытта жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделуде. Қазіргі таңда тиісті техникалық жұмыстар жүргізіліп, көшенің инфрақұрылымдық жағдайы жақсартылуда.
Қала әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескере отырып, шаһарды жарықтандыру, абаттандыру және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1046166?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау