ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 7913 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2025 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдады.
Жауапты мамандар құрылыс саласына қатысты негізгі көрсеткіштер мен жоспарлы жұмыстардың орындалу барысын баяндады.
Биылғы кезеңде бөлім тарапынан 7 913 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде жер учаскесін беру, эскиздік жобаларды келісу, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру, мекенжай анықтамаларын ұсыну, нысаналы мақсатын өзгерту және объектіні пайдалануға қабылдау сияқты қызметтер қамтылған.
Қала келбетін жақсарту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Т.Бокин көшесіндегі 15 үй мен 1-2 ықшам аудандардағы 18 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау көрсеткіші 112%-ға жетіп, жоспардан асыра орындалды.
Қала әкімі заңсыз құрылыс пен жарнамаға бақылауды күшейтуді, көпқабатты үйлердің қасбетін жөндеуді жүйелі жалғастыруды, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды және қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жобаларды уақытылы жүзеге асыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1046165?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version