2025 жылдың 2 тоқсанында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы әкімдігінің жанынан Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жоспарлы отырысы өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е. Ә.  Садыр төрағалығымен өткен отырыста келесі мәселелерді қарастырды:

1) Жеке мүліктік кауіпсіздік индикаторын іске асыру. Көшелерде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу туралы;     

2)    Бұрын сотталған адамдар тарапынан қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру;

3)    Мас күйінде жасалған қылмыстардың алдын алу туралы. Алкогольдік қылмыстың алдын алуға жұртшылықты тарту. Көңіл көтеру орындарының жұмысын шектеу және түнде алкогольдік ішімдіктерді сату туралы.

Отырыс барысында облыс полиция, облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өкілдерінің есептері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдарға өңірдің көшелерінде және қоғамдық орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1047330?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version