Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында қолданыстағы заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Яғни, өзгеріске дейін ата-анасының біреуі немесе екеуі (яғни асыраушысы) қайтыс болған жағдайда, бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыны немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының біреуін ғана алуға құқығы болды.
Қазіргі таңда мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды қатар алу құқығы қарастырылып отыр. Мысалы, ата-анасының екеуінен де айырылған азамат, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 71 192 теңге ай сайынғы жәрдемақымен қатар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бойынша 101 702 теңге ай сайын жәрдемақыны қоса алады.
Бұл ретте, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға төленетін мүгедектігі бойынша төлем мөлшері төмендегідей:
- бірінші топтағы – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі (101 702 теңге);
- екінші топтағы – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі (84 598 теңге);
- үшінші топтағы – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі (74 428 теңге);
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 0,92 ең төмен күнкөріс деңгейі (42 530 теңге)
- ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда – жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы жәрдемақы – 1,54 ең төмен күнкөріс деңгейі (71 192 теңге) мөлшерінде тағайындалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1046956?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау