Мәселен, Ақсу ауданында 15 шатырды, Қаратал ауданында – 5, Көксу ауданында – 11, Текелі қаласында – 7, ал Талдықорған қаласында – көпқабатты үйлердің 39 шатырын жөндеу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 30 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды.
Шатырларды жөндеу бойынша жобалардың ең көбі Талдықорған қаласында шоғырланған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, облыс орталығында 800-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың көпшілігі 1970–1980 жылдары салынған. Жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында шатырлар кезең-кезеңімен жөнделуде.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстары 2023 жылдан бері жүргізіліп келеді. Алдыңғы жылы 13 үйдің, өткен жылы 1950–1970 жылдары салынған 28 үйдің шатыры жаңартылды. Биыл 1968–1992 жылдары салынған 39 үйдің шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның 17-сінде жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтіметов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1046955?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау