Аудан әкімі әлеуметтік бөлімнің жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Ысқақұлы Шалбаев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болып, бөлімнің күнделікті қызметімен, халыққа көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлерімен және ұйымдастырушылық бағыттағы жұмыстармен жан-жақты танысты.

Жұмыс барысында бөлім басшысы Алтынбек Көкекбаев аудан әкіміне бөлімнің негізгі міндеттері мен атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және жүзеге асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап берді.

Бөлімнің негізгі бағыты – аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауларды уақтылы және тиімді жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарды тіркеу, қайта даярлау, уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік көмектерді рәсімдеу жұмыстары да бөлімнің күн тәртібінде маңызды орын алады.
Танысу барысында аудан әкімі бөлімге қарасты «Үйден арнайы қызмет көрсету орталығы» және аудандық «Мансап орталығының» жұмысымен де арнайы танысты. Аталған мекемелердің техникалық және материалдық жағдайымен танысқан аудан басшысы бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, ғимараттардың ішкі және сыртқы жағдайын жақсарту, келуші азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру қажеттігін баса айтты.

«Жалпы, екі ғимаратқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл мекемелерге халық әртүрлі мәселемен, көмек сұрап келеді. Сондықтан алдымен олардың көңіл-күйіне жағымды әсер ететін орта қалыптастыру керек. Ғимарат іші кең, жарық, таза әрі ыңғайлы болуы қажет. Бұл — ең алдымен сіздердің тұрғындарға деген құрметтеріңізді көрсетеді. Сонымен қатар, келген әр азаматты жылы жүзбен қарсы алып, олардың мәселесін кешіктірмей шешуге күш салу — әр маманның кәсіби міндеті», – деді Рахымжан Ысқақұлы.

Аудан басшысы әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмысы халықпен тікелей байланысты екенін айта келе, қызмет сапасына ерекше көңіл бөлуді, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді әрі түсінікті жеткізуді, әр тұрғынның мәселесіне жеке көзқараспен қарап, кәсіби көмек көрсетуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1046946?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version