Ауыл шаруашылығы жөніндегі Қазақстан-Пәкістан жұмыс тобының бірінші отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Исламабад, 2025 жылғы 6 тамыз – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Кенжеханұлы және Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және ғылыми зерттеулер жөніндегі министрдің орынбасары  А.Мухюддин тең төрағалығымен екі мемлекеттің құзыретті ведомстволары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-пәкістан Ауыл шаруашылығы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы онлайн форматта өтті.

Отырыс барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымының оң динамикасын және аграрлық сектордың айтарлықтай әлеуетін қанағаттанушылықпен атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің екіжақты саудадағы үлесінің жыл сайынғы өсуімен расталады.

Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері бойынша екіжақты сауданы ұлғайтуға бағытталған жүйелі шараларға ерекше назар аударылды.

Фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, карантин, зиянкестермен күрес салаларындағы талаптарды үйлестіру және келісу, сондай-ақ бейінді ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және аграрлық әрі мал шаруашылығы салаларында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Тараптар екі елдің бейінді ведомстволарының өзара әрекеттесуін күшейтуге және оларды кейіннен қол қою және практикалық іске асыру үшін басым бағыттар бойынша қажетті келісімдерді жедел дайындауға уағдаласты.

Отырыс қорытындысы бойынша құжаттардың жобалары мен одан әрі қадамдарды келісу мақсатында, 2025 жылғы қыркүйекте Исламабад қаласында  бетпе-бет форматта Бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу уағдаластығына қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1046941?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version