Сіздердің назарларыңызға Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер ( инватакси) (2025 жылғы 19 маусымдағы №191 енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) іске асырылатыны туралы жеткіземіз.
Екібастұз қаласында, соның ішінде ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсетуге көрсеткіштер мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен бекітілген, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын қолданатын мүгедектігі бар адамдар;
3) құрылымында психикалық тұрақты мінез-құлықтағы анағұрлым бұзылысы бар, «Аутистік спектрдің бұзылуы F84.0-F84.5» диагнозы, «Ақыл-ой кемістігі F70-F79» диагнозы, Даун синдромы Q90 (Q90.0, Q90.1, Q90.2, Q90.9), жамбас пен жамбастың жасөспірімдік остеохондрозы M91 (М91.0, М91.1, М91.2, М91.3, М91.8, М91.9), көз ауруы және оның қосымша аппараты H00-H59, сүйек ақауынан туындаған туа біткен сколиоз Q76.3, бас жарақаттарының салдары Т90 (Т90.0, Т90.1, Т90.2, Т90.3, Т90.4, Т90.5, Т90.8, Т90.9), сирингомиелия G95.0, туа біткен ауытқулар, деформациялар және хромосомалық бұзылулар Z87.7, 4 дәрежелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, екі жақты уретрогидронефроз N18.8, өткізгіш және нейросенсорлық есту қабілетінің жоғалуы Н90, басқа есту қабілетінің жоғалуы Н91, қатерлі ісіктер C00-C97, дистония G24, тұқым қуалайтын атаксия G11, жұлынның бұлшыкет атрофиясы және онымен байланысты синдромдар G12, бұлшыкеттің алғашқы зақымдануы G71, шашыраңқы склероз G35, полиневропатия және басқа перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануы G60-G64, spina bifida (жұлын каналының толық жабылмауы) Q05 (Q05.0, Q05.1, Q05.2, Q05.3, Q05.4, Q05.5, Q05.6, Q05.7, Q05.8, Q05.9), негізгі ергежейлілікпен көрінетін туа біткен ауытқулар синдромдары Q87.1, аяқ-қолдардың басқа жүре пайда болған деформациялары M21, бұлшыкеттің басқа бұзылыстары M62, цереброваскулярлық аурурлардың салдары I69, жамбас сүйгінің сынуы S72, басқа айдарларда жіктелмеген жарақаттан кейінгі жара инфекциясы T79.3, төменгі аяқ-қол жарақаттарының салдары T93, жүйке жүйесінің аурулары G00-G99, жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ауруының жеке анамнезде Z86.6, орталық жүйке жүйесінің басқа анықталған зақымданулары G96.8, шизофрения F20, микроцефалия Q02, мидың басқа нақтылған туа біткен ауытқулары Q04.8, гиперинсулинизм, жүйке жүйесінің басқа бұзылыстары G90-G99, эпилепсия G40 (G40.1, G40.2, G40.3, G40.4), церебральды сал ауруы G80 (G80.0, G80.1, G80.2, G80.3, G80.4, G80.5, G80.6, G80.7, G80.8, G80.9), басқа паралитикалық синдромдар G83, myasthenia gravis және жүйке-бұлшыкет синапсының басқа бұзылыстары G70, жұлының бұлшыкет атрофиясы және онымен байланысты синдромдар G12, басқа миопатиялар G72, сколиоз М41 (М41.0, М41.1, М41.2, М41.3, М41.4, М41.5, М41.8, М41.9) диагноздарымен мүгедектігі бар адамдар.
Қызметті алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;
3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.
Қызметтерді «ӨМІР» оңалту шығармашылық орталығы» ҚБ көрсетеді, өтінім беру үшін Бауыржан Момышұлы 40Б мекенжайы бойынша жүгіну қажет, диспетчерлер телефоны: 8777 207 88 25.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/1046897?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау