Құрметті жұмыс беруші!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сізге Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 103-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жағдайлары мен жалақы мөлшерін көрсете отырып, бос жұмыс орындарын «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасында олардың пайда болған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастыруға міндетті екенін хабарлаймыз.
Enbek.kz порталы – бұл кадрларды іріктеуге арналған ыңғайлы әрі тегін құрал. Мұнда жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын орналастырып, тиісті кандидаттарды іріктей алады, сұхбаттасуға (оның ішінде онлайн-форматта) шақыру жолдап, кандидаттармен хат алмасып, жауаптардың мәртебесін бақылай алады. Барлық қызметтер жеке кабинет арқылы қолжетімді, бұл қызметкерді жалдау процесін жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Enbek.kz платформасының мүмкіндіктерін пайдаланып, бос жұмыс орындарын уақытылы орналастыруға кеңес береміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/1046896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version