Батыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп сотталғандарды жалпы білім беретін мектепте оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ олардың кәсіптік-техникалық білім алу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өткізілді.
Іс-шараға жазаларды орындау мекемелерінің, білім беру органдарының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар өзара іс-қимыл тетіктерін, оқыту сапасын арттыру, қолжетімді кәсіптер тізбесін кеңейту мәселелерін, сондай-ақ босатылғаннан кейін сотталғандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін талқылады.
Білім беру бағдарламаларының қайта әлеуметтендірудің және қайталама құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетудің негізгі құралдарының бірі ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша сотталғандар үшін білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс туралы, сондай-ақ өңірде сұранысқа ие мамандықтарға бағдарланған қосымша кәсіптік даярлық курстарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048305?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау