Жазасын өтеп жатқан адамдар үшін өзара іс-қимылды жолға қою және жұмыс көлемін ұлғайту мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті “Alageum” Орал трансформатор зауытының өкілдерімен және № 28 ҚАЖ мекемесінің базасында трансформаторларға арналған бөлшектерді өндіру бойынша қызметін жүзеге асыратын кәсіпкермен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ өндірістік қуаттылықты арттыру перспективаларын талқылады. Сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылды, бұл олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, кәсіптік дағдыларды қалыптастыруға және босатылғаннан кейін табысты әлеуметтік бейімделуге дайындауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірісті ұйымдастыруға бизнес өкілдерін тарту рецидивтік қылмыс деңгейін төмендетуге және заңға бағынатын азаматтарды қоғамға қайтаруға бағытталған жұмыстың маңызды бағыты болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1048307?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау