Сібір жарасының алдын алуға байланысты халыққа раналған ұсынымдар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сібір жарасы – ауру жұқтырған жануарлардан адамға жұғатын жіті жұқпалы ауру. Жұқтырып алмау үшін қарапайым, бірақ өмірлік маңызды сақтық шараларын сақтау қажет.

Сібір жарасы жануарлардың ауру жұқтырған етімен, терісімен, жүнімен байланыс кезінде, зақымдалған тері арқылы және термиялық жағынан толық піспеген етті тұтыну кезінде жұғады.

Сібір жарасының алдын алуға байланысты халыққа раналған ұсынымдар:

  • жануарлармен және мал шаруашылығы өнімдерімен жұмыс істегенде жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз;
  • ауыл шаруашылығы жануарларына сібір жарасына қарсы жоспарлы вакцинация жүргізіңіз;
  • өлген немесе ауруға күдікті малды өз бетіңізше соймаңыз – дереу ветеринариялық қызметке хабарласыңыз;
  • ет пен ет өнімдерін тек ветеринариялық бақылаудан өткен ресми сауда орындарынан сатып алыңыз;
  • дұрыс өңделмеген етті тұтынбаңыз;
  • ауру малмен байланысқа түскеннен кейін (күтім жасау, сою, бөлу және т.б.) дене қызуы көтеріліп, тері қызарып, жаралар пайда болса, дереу жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеуге болмайды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1048324?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version