Туберкулездің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туберкулез – қауіпті инфекциялық ауру. Ол әртүрлі ағзаны (өкпе, бүйрек, ішек, сүйек және буын, ми қабығы) зақымдайды.

Адам:

– туберкулезбен ауыратын адаммен қарым-қатынаста болған оның жөтелгені, түшкіру, сөйлесу кезінде, ананың жатырында ұрыққа жұғуы кезінде;

– ауру малдың сүтін тамаққа қолдану кезінде жұқтыруы мүмкін. 

Туберкулез ауруының белгілері:

жалпы әлсіздік, тез шаршау, ұзақ жөтел және 37 және 37,5ºС дейінгі дене қызуы, түнде тершеңдік, аз жүктеме кезіндегі демігу, қан түкіру.

Алдын алудың негізгі шаралары:

Дәрігерге жыл сайын қаралу, флюрографиядан өту, балаларға БЦЖ екпесін егу, организмді шынықтыру, спортпен айналысу, витамині мол, құнарлы, дұрыс тамақтану, еңбек пен демалыстың тиімді режимі, зиянды әдеттен бас тарту, гигиена қағидаларын сақтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1048325?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version