Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндеқазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушыАбай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – әділетті қоғам!» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлыныңрухани мұрасын кеңінен насихаттау, оныңшығармашылығы арқылы әділдік пен адалдықты, ұлттық болмыс пен тарихиқұндылықтарды дәріптеу.
Агенттік басшылығы мен қызметшілері шара барысында Абай қалдырған асыл мұра – тек әдеби мұра емес, ол – өмірлік бағыт, ұрпаққа үлгі, ел басқару ісінде темірқазық бола алатын рухани негіз екеніне тоқталып, ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.
Сондай-ақ, әдеби-танымдық шарада Абайдыңәндері шырқалып, рухани мазмұнды кештің маңыздылығы айшықтала түсті.
Абай мұрасына тағзым – бұл өткенді дәріптеуғана емес, бүгінге бағдар жасап, болашаққасеніммен қадам басу. Абайдың өсиеті мен өнегесі – бүгінгі мемлекеттік қызметшінің адамижәне кәсіби бейнесін қалыптастырудамаңызды рухани бағдар болып қала бермек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1048412?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау