2025 жылғы 11 тамызда Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.А. Баймулдинов аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеттерінің қызметкерлерімен «Әдеп кодексі және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзуы» тақырыбында техникалық оқу-семинар өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын, сондай-ақ ойын бизнесіне қатысуға байланысты шектеулерді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұған осы уақытқа дейін заңнаманың аталған нормаларын бұзу фактілерінің орын алуы себеп болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1049141?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау