Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының уақытша міндетін атқарушы полковник Назарали Селимов төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірдің бірнеше ауылдары мен аудандарына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Қарасу, Әулиекөл, Аманқарағай, Құшмұрын, Алтынсарин, Сарыкөл және Железнодорожное елді мекендерін аралады. Әр нысанда ол жергілікті өрт сөндіру бөлімшелерінің дайындығын, төтенше жағдайларға әрекет ету мүмкіндіктерін тексеріп, қызметкерлермен кездесті.
Іссапар барысында материалдық-техникалық базаны жаңарту, инфрақұрылымды жетілдіру және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары пысықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1049143?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау