Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация болашақта қатерлі ісіктен қорғауға кепілдік бере ме?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам папиллома вирусына (бұдан әрі – АПВ) қарсы вакцинация жатыр мойны обырын қоса алғанда, онкологиялық аурулардың ауыртпалығын азайтуға мүмкіндік береді және жалпы халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға және онкологиялық аурулардан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді.

Бірқатар зерттеулердің деректері бойынша вакцинацияның толық курсынан кейін тиімділік ұзақ уақыт сақталады. Мысалы, 2006 жылы вакцина енгізілген сәттен бастап егілгендер арасында иммундық жауап деңгейінің төмендеуі туралы ешқандай деректер жоқ, сондықтан әлемнің бірде-бір елінде ревакцинация (яғни қайта вакцинация) жүргізілмейді. Бұл 95-100% -ға жететiн вакцинаның жоғары тиiмдiлiгiн айғақтайды.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыз, АПВ-ға қарсы вакцинасын алыңыз және сау болыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1050231?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version