Ұлытау облысы ТЖД паркі жаңа техникамен толықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы тағы үш заманауи КАМАЗ АЦ-5-40 өрт сөндіру автоцистернасымен толықты.

 Бұл арнайы техника өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын жоғары тиімділікпен жүргізуге мүмкіндік беріп, өңірдегі төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін арттырады. Жаңа машиналар қуатты сорғы қондырғысымен, заманауи жарықтандыру жүйесімен және қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған. КАМАЗ АЦ-5-40 автокөліктері қала ішінде ғана емес, шалғай ауылдық жерлерде де тиімді жұмыс істеуге бейімделген. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/1050230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version