*Астанада сотталғандар №2 мекеме базасында өндірістік жұмысқа тартылмақ*

Жарияланды:

Автор:

категорияда

*Астанада сотталғандар №2 мекеме базасында өндірістік жұмысқа тартылмақ*

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №2 мекемеде сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыру және өндірістік секторды дамыту мақсатында *полимерлік қаптама өндірісімен айналысатын алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі – «Ново Пэк»* өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында мекеме аумағында өндірістік алаң құру, жұмыс орындарын ашу және сотталғандарды еңбек қызметіне тарту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі, технологиялық талаптарды сақтау және мамандық бойынша кәсіби оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған бастама жөнінде *Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Даулет Боранбекұлы Рақымбеков* түсініктеме беріп өтті:

*«Сотталғандарды еңбекке тарту – олардың қоғамға қайта бейімделуінің тиімді жолы. Еңбек арқылы олар сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, болашаққа деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Мұндай жобалар олардың әлеуметтік оңалуына, сонымен қатар, өндірістік әлеуеттің дамуына да оң әсер етеді»*, — деді департамент басшысы.
*«Ново Пэк»* компаниясының өкілдері ұзақмерзімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, мекеменің өндірістік кластер құрудағы әлеуетін атап өтті.

Келісілген жобаларды іске асыру сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және мекеменің өндірістік базасын нығайтуға жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1050623?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version