ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында қадағалау функциясы мен жедел ден қою шаралары берілетін болады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл норма міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған заңда көзделген.

Департаменттің қадағалау функциясы өрескел бұзушылықтар мен заңсыз медициналық қызметке ұзақ келісімдерсіз және сотқа жүгінбей жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл бұзушылықтарға уақытылы ден қоюға, медициналық көмек көрсету кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге, пациенттерді қорғауға және денсаулық сақтау саласындағы бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Департамент мемлекеттік бақылау шеңберінде тиісті лицензияларсыз, медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін өрескел бұзушылықпен атқарылған заңсыз медициналық қызмет жағдайларын анықтайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1050968?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version