Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ – АБАЙ» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
✒️ Облыстық жас ақындар мүшәйрасының ашылу салтанатында Меркі аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – Жұматаев Мелісхан Мамытұлы ашып беріп, жас ақындарға сәттілік тіледі.
✅️ Талапкерлердің өнерін «МЕРКІ ТЫНЫСЫ» газетінің бас редакторы – Нұралиев Әлихан Атырханұлы, Меркі аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлім меңгерушісі – Зұлпықарова Нұрсұлу Қаржаубайқызы, Меркі аудандық орталық кітапхананың оқырманға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі – Қойшыбаева Назира Ділдәханқызы қазылар алқасы бағалады.
➡️ Байқау 2 кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші бөлімде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ – АБАЙ» өз өлеңдерін жатқа оқыды. Екінші кезеңде 12 тамыз – «Халықаралық жастар» күніне арналған авторлық туындыларын паш етті.
➡️ Байқау қорытындысы бойынша 1 – орынды Қордай ауданының тумасы Боранбек Елдарға бұйырды. 2 – орын Т.Рысқұлов ауданынан шыққан Сәрсенбаева Жансаяға бұйырды. 3 -орын Тараз қаласынан келген жас ақын Марал Хантөреқызына бұйырды. Сонымен қатар жас ақындарды ынталандыру мақсатында Айтжан Альбина (Сарысу ауданы), Ақпенов Мадияр (Меркі ауданы), Даярбек Санжар (Жуалы ауданы), Райымбаев Мерейхан (Жамбыл ауданы), Тұтқышбеков Нұрбақыт (Жамбыл ауданы), Толепбергенова Айнамкөз (Байзақ ауданы) сынды жас ақындарымызға алғыс хаттар табысталды. Жүлделі орын иегерлері арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1049379?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау