“АЙНАЛАЙЫН” АНСАМБЛІ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“АЙНАЛАЙЫН” АНСАМБЛІ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!
2025 жылғы 2 тамыз күні Ақтау қаласында өткен V республикалық «Ақ желкен–2025» шығармашылық байқауы өнерлі өрендер үшін үлкен сын алаңына айналды. Қазақстанның әр түкпірінен жиналған 42 ансамбль қатысқан байқауда Сырым ауданынан барған «ОРТА» дарынды балалар орталығы жанындағы «Айналайын» би ансамблі де өнер көрсетіп, зор жетістікке қол жеткізді.
Жетекшісі Гүлшат Нұрмұханова бастап барған 6–7 жас аралығындағы кішкентай бишілер байқауға ерекше дайындықпен барған. Олар қазақтың ұлттық биі – «Балдәуренді» жаңа қойылым ретінде сахналап, арнайы тапсырыспен тігілген ұлттық костюмдермен көрерменнің көзайымына айналды.
Нәтижесінде «Айналайын» ансамблі қазақ биі номинациясы бойынша Бас жүлдені, өзге ұлт биі аталымында І орынды жеңіп алып, ауданның абыройын асқақтатты.
Жетекшісі Гүлшат Нұрболатқызының айтуынша, бұл үлкен жеңіске балалардың тынымсыз еңбегімен қатар, ата-аналардың қаржылай қолдауы мен «ОРТА» орталығы ұжымының ұйымшылдығы себеп болған.
–Мұндай байқаулар – балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, сахнада өздерін еркін көрсетуіне үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да шәкірттерімізді биік белестерден көре берейік, – дейді ансамбль жетекшісі.
«СЫРЫМ ЕЛІ»

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1047664?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version