Келес ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Сариевтің төрағалығымен жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдер, Мансап орталығы мен Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.
Келес аудандық Мансап орталығының директоры Нұрипа Темірбаева жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жоспардың орындалу барысы туралы баяндады. Ақтөбе ауылдық округінде «Ecoculture-Eurasia» ЖШС арқылы іске асатын жылыжай жобасы аясында 172 азаматты жұмысқа орналастыру көзделсе де, ауыл әкімдіктері бұл бағытта тиісті жұмыс жүргізбей отырғаны айтылды.
Сондай-ақ, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» көрсеткіші бойынша тек 305 жұмыс беруші ғана әлеуметтік төлемдерді уақытында аударған. Бұл көрсеткіштің төмен болуы Мемлекеттік кірістер басқармасының құзыретіне жатса да, аудандағы жалпы нәтижеге кері әсерін тигізуде.
Жиын қорытындысында аудан әкімінің орынбасары барлық әкімдерге, бөлімдер мен тиісті органдарға жұмысты жандандыруды, көрсеткіштердің орындалуына жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Жоспарды орындамаған жағдайда жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдану қаралатыны ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1047662?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау