Астанада Д.Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу  жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 17 тамыз сағат 19:00-ден 18 тамыз сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1052256?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version