Қазақстанда биыл Спорт күні 17 тамызға сәйкес келді. Осыған орай елорданың Паралимпиадалық жаттығу орталығында отырып ойнайтын волейболдан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа ардагерлер, әйелдер және ерлер қатысты. Турнир достық кездесу форматында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдармен марапатталады.
Іс-шараның мақсаты – спорттың әр адамға қолжетімді екенін көрсету және белсенді өмір салты түрлі ерекшеліктері бар адамдардың да қоғамның толыққанды бөлігі болуына ықпал ететінін дәлелдеу.
Айта кетейік, мерекеге орай елордалық спортшылар қазақстандықтарды жылы лебіздерімен құттықтап, спорттағы жетістік жолдарымен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1052257?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау